Теміртауда зейнеткер ақшасы мен банк картасын ұрлатып алды
Теміртау қаласында зейнеткер дәмханада түстеніп отырғанда белгісіз біреу оның ақшасы мен банк картасын ұрлап кеткен.
Polisia.kz-тің хабарлауынша, Теміртау қалалық полиция басқармасына қарасты Шығыс полиция бөлімі мен криминалдық полиция қызметкерлері 72 жастағы қала тұрғынының ақшасы мен картасын ұрлаған күдіктіні көп кешіктей ұстады. Ол 44 жастағы азамат болып шықты.
Күдікті зейнеткердің дәмханада сырт киімін киім ілетін бөлмеге шешіп, түстеніп отырғанын пайдаланып, оның 30 мың теңгесі мен банк картасын ұрлап кеткен. Банк картасында 23 мың теңге болған.
Күдікті қылмысын мойындады. Осы оқиға бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізіліп жатыр.
Поделиться новостью
Другие новости раздела
Авторизация
Тіркеу
Әзірге ешкім пікір білдірген жоқ