Тиімсіз жобаға 5,1 млрд теңге жұмсалып кете жаздады
Қаржылық мониторинг агенттігі Қызылорда, Ақмола облыстарында тиімсіз жобаларға бөлінген 5,1 млрд теңгенің жұмсалуына жол бермеді, деп хабарлады ведомство.
Қызылордада Сырдария өзенінің арнасын тазартуға 5 млрд теңге қарастырылған болатын. Алайда жобаның сапасыз жоспарлануына байланысты, тазалау жұмыстарынан кейін қатты ағын мен желдің әсерінен өзен арнасы қайтадан ластанып, толып қалған. ҚМА өңірлік департаментінің қызметкерлері қабылдаған шараларынан кейін әкімдік 3,7 млрд теңге көлемінде игерілмеген қаражатты басқа әлеуметтік мақсаттарға жұмсауды шешті.
Сондай-ақ Көкшетау қаласының Станционный кентінде 1,4 млрд теңгеге 160 орындық мәдениет үйін салу жоспарланған болатын. Жобаның бастапқы құны 910 млн теңге болған. Ал басқа елді мекендерде осыған ұқсас объектілер құнының айтарлықтай аз болғаны анықталған. Осыған байланысты Көкшетау қаласының әкімдігі шартты бұзу бойынша жұмыс жүргізіп жатыр. Үнемделген қаражат есебінен басқа да әлеуметтік маңызы бар жобалар қаржыландырылатын болады, – делінген хабарламада.
Қаржылық мониторинг агенттігі ірі нысандар мен инфрақұрылым құрылысының құнын арттыру фактілеріне мониторинг жүргізу бойынша жұмысты жалғастыратын болады.
Авторизация
Тіркеу
Әзірге ешкім пікір білдірген жоқ