Тимур Құлыбаевтың әкесіне тиеселі мұнай терминалы мемлекетке қайтарылды
Миллиардер Тимур Құлыбаевтың әкесі Асқар Құлыбаевқа тиесілі мұнай терминалы мемлекетке қайтарылды, деп хабарлады Бас прокуратура.
Алматы қаласы прокурорының талап-арызы бойынша Ақтау халықаралық теңіз сауда портының акваториясында құны 66 млн доллар болатын мұнай терминалы мемлекет меншігіне қайтарылды. Терминалдың ауданы – 134 гектар. Талап-арыз Асқар Құлыбаевқа тиесілі компанияның шетелдік инвестордың меншігін заңсыз алып қоюы салдарынан келтірілген залалды өтеу үшін берілді, - деп жазылған хабарламада.
Бас прокуратура мәліметінше, 2011 жылы мұнай терминалы Асқар Құлыбаев компаниясының меншігіне алынған.
Биыл 26 ақпанда Маңғыстау облысы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының шешімімен Алматы қаласы прокурорының талап-арызы қанағаттандырылды. Осылайша, мұнай терминалы мемлекет меншігіне қайтарылды.
Сот актісі заңды күшіне енді.
Авторизация
Тіркеу
Әзірге ешкім пікір білдірген жоқ