Тоқаев Қытай төрағасына алғыс айтты
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай төрағасы Си Цзиньпиннің Қазақстан мен Қытай арасындағы экономикалық байланысты нығайтуға қосқан үлесін жоғары бағалап, алғыс айтты.
Жоғары мәртебелі төраға, сізбен елордамыз Астанада кездесіп отырғаныма өте қуаныштымын. Бүгін елімізге мемлекеттік сапармен келіп отырсыз. Сізге зор ризашылығымды білдіремін. Мұны ең алдымен Қазақстан-Қытай мәңгілік жан-жақты стратегиялық әріптестігін одан әрі нығайтуға деген ұмтылыстың айқын көрінісі деп бағалаймын, - деді Тоқаев Ақордада.
Президент Қазақстан Қытаймен ғасырлар бойғы достықты нығайтуға ерекше мән беретінін атап өтті.
Бірлескен күш-жігеріміздің арқасында өзгерлерге үлгі болатын және түрлі бағытты қамтитын мемлекетаралық ықпалдастық орнаттық. Біздің екіжақты қарым-қатынасымыз дамудың жаңа алтын кезеңіне өтті деп нық сеніммен айтуға болады, - деді мемлекет басшысы.
Қасым-Жомарт Тоқаев қос ел арасында сауда-экономикалық байланыс күшейгенін атап өтті.
«Екі ел арасындағы байланыс әлеуметтік, экономикалық дамуға, халқымыздың әл-ауқатын жақсартуға зор септігін тигізіп отыр. Былтыр өзара тауар айналымы 41 млрд доллардан асты. Бұл – рекордтық көрсеткіш. Қазір 45 ортақ инвестициялық жоба жүзеге асырылып жатыр. Оның жалпы құны – 14,5 млрд доллар. Өнеркәсіп, энергетика, көлік транзиті, жасыл экономика, ауыл шаруашылығы және тағы басқа салаларды қамтиды. Сонымен бірге екі елдің мәдени-гуманитарлық байланысы жандана түсті», - деді президент.
Авторизация
Тіркеу
Әзірге ешкім пікір білдірген жоқ