Тоқаев Словакия премьер-министріне жасалған қастандыққа қатысты пікір білдірді
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Словакия премьер-министріне жасалған қастандыққа қатысты пікір білдірді, деп хабарлады Ақорда.
Мемлекет басшысы Словакия премьер-министрі Роберт Фицоға қастандық жасалуына байланысты бұл террорлық әрекетті қатаң айыптайтынын және мұндай қараулықты мүлде ақтауға болмайтынын мәлімдеді.
Қазақстан мен Словакияны ұзақ жылғы достық пен өзара тиімді ынтымақтастық қарым-қатынастар байланыстырады. Бұл игілікті істе премьер-министр Роберт Фицо елеулі рөл атқарды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев оның тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді.
Поделиться новостью
Другие новости раздела
Авторизация
Тіркеу
Әзірге ешкім пікір білдірген жоқ