присылайте свои новости
нам
+7 (701) 024 33 00

Түркиядағы қазақстандықтардың қазасы: СІМ түсінік берді

04 қыркүйек 2023 15:31
Түркиядағы қазақстандықтардың қазасы: СІМ түсінік берді

Түркияда жол апатынан қазақстандықтардың қаза табуына қатысты ҚР Сыртқы істер министрлігі түсінік берді.

Кеше Аланияда жол-көлік оқиғасы салдарынан Қазақстаннан келген отбасы зардап шеккен болатын.

Қайғылы оқиға орнында 1989 жылы туған әйел мен оның 2 жасар қызы қаза тапты. Отағасы – 1986 жылы туған ер адам ауыр жағдайда реанимацияда жатыр. 2014 жылы туған ұлы ауруханада, оның денсаулығы мен өміріне қауіп төнбеген. Қазақстандық дипломаттар зардап шеккен отбасының туыстарымен байланыста. Оларға барлық қажетті консулдық-құқықтық көмек көрсетілетін болады, – делінген хабарламада.

Ведомство өкілдерінің хабарлауынша, бұл отбасы Түркияда туристер ретінде болған және бүгін үйге оралуы керек еді.

0 Пікірлерді көрсету Пікірлерді жасыру