Түркиядағы жол апаты: 4 қазақстандық әлі ауруханада жатыр
Түркиядағы жол апатынан зардап шеккен 4 қазақстандық ауруханада емделіп жатыр. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров айтты.
«Өкінішке қарай, Түркиядағы жол апатынан 2 отандасымыз қаза тапты. Олардың мәйіттері өткен аптада Қазақстанға жеткізілді. Қазір 4 қазақстандық ауруханада ем алып жатыр. Барлық медициналық және репатриациялау шығыны сақтандыру компаниясының есебінен төленіп жатыр», - деді СІМ ресми өкілі.
Министрлік өкілінің айтуынша, отандастарымыз Түркияға демалуға барған кезде сақтандыру полисін рәсімдеген. Сондықтан еш қиындық тумаған.
Қалған 4 адам ауруханада, жанында туыстары бар. Олар көмектесіп, жақын арада тез сауығып, елге оралады деп күтеміз, - деді Айбек Смадияров.
Еске сала кетсек, 30 шілдеде Түркияның курорттық аймағында 12 Қазақстан азаматы мінген шағын автобус жол апатына түсті.
Авторизация
Тіркеу
Әзірге ешкім пікір білдірген жоқ