присылайте свои новости
нам
+7 (701) 024 33 00

Тұрғын үй кезегінде қайтыс болған 15 мыңдай азамат тұр – ИИДМ

08 тамыз 2023 17:33
Тұрғын үй кезегінде қайтыс болған 15 мыңдай азамат тұр – ИИДМ

Елімізде баспана кезегінде тұрған 232 мың адамның құжаты заң талаптарына сай емес.

Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының орынбасары Бауыржан Қабдолдың айтуынша, бүгінде тұрғын үй кезегінде 646 мың 819 қазақстандық азамат тұр. Сонымен қатар кейінгі жылдары олардың қатары ұлғайып келеді. Атап айтқанда, кейінгі 10 жылда кезек 6 есе артқан.

Сонымен бірге халық тарапынан аталған кезекке баспанасы бар азаматтардың тұрып жатқаны туралы көптеген шағым түсіп жатыр. Осыған байланысты біздің ведомство Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен бірлесіп, аталған тізімнің заң талаптарының сәйкестігіне талдау жүргізді. Оның нәтижесінде кезекте тұрған 96,1 мың азаматтың кейінгі 5 жылда жеке баспанасы болғаны, 533 адамның Қазақстанның азаматтығы жоқ екені, 91,4 мыңдай адамның тұрғылықты жерінің кезекке тіркелген өңірмен сәйкес келмейтіні, сондай-ақ 29 мың адамның тіркелмегені және 15,6 мың адамның қайтыс болғаны анықталып отыр, – деді Бауыржан Қабдол.

Демек үй кезегінде тұрған 232 мыңға жуық азаматтың жеке деректері заң талаптарына сай болмағандықтан оларды тізімнен шығаруға тура келеді.

«Аталған тізімді түгендеу кезектің қозғалу процесін жеделдетуге және расымен де баспанаға мұқтаж азаматтардың құқығын кез келген оғаш әрекеттерден қорғауға мүмкіндік береді», – деді төрағаның орынбасары.

0 Пікірлерді көрсету Пікірлерді жасыру