Вице-министр Әсет Мағауов қызметінен кетті
Энергетика вице-министрі Әсет Мағауов жұмыстан босатылды, деп хабарлады Үкіметтің баспасөз қызметі.
Қазақстан Үкіметінің қаулысымен Әсет Маратұлы Мағауов Энергетика вице-министрі қызметінен босатылды, - деп жазылған хабарламада.
Айта кетейік, Әсет Мағауов 1972 жылы Атырау облысының Құлсары ауылында дүниеге келген.
Иван Губкин атындағы Мәскеу мұнай химиясы және газ өнеркәсібі институтын тәмамдаған, Халықаралық валюта қорында және Азия даму банкінде тағылымдамадан өткен.
Еңбек жолын 1994 жылы бастады. Әртүрлі жылдары «Теңізмұнайгаз» АҚ, «Қазақойл» ЖАҚ, «Мұнай және газ тасымалдау» ҰК» АҚ, «ҚазМұнайГаз» АҚ, «Теңізшевройл» ЖШС, «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ-ында еңбек еткен.
2008-2010 жылдары – Энергетика және минералды ресурстар вице-министрі;
2010-2011 жылдары – Мұнай және газ вице-министрі.
2017 жылғы желтоқсаннан бастап KAZENERGY қауымдастығының бас директоры лауазымын атқарды.
2019 жылғы сәуірде Энергетика вице-министрі болып тағайындалды.
Авторизация
Тіркеу
Әзірге ешкім пікір білдірген жоқ