присылайте свои новости
нам
+7 (701) 024 33 00

Егін шаруашылығында маңызды реформа жасайтын кез келді

01 қыркүйек 2023 19:17
Егін шаруашылығында маңызды реформа жасайтын кез келді

Бүгінде су қорының проблемасы біршама мемлекеттерде ең өткір проблема болып отыр, оның ішінде Қазақстанда бар және өте күрделі.

Мұны Президентіміз соңғы жолдауында «Егін шаруашылығында маңызды реформа жасайтын кез келді» – деп суды көп қажет ететін егіс алқабын біртіндеп азайтуды және бір ғана дақыл түрін егуді шектеу керек екенін, сонымен қоса 2040 жылдарға қарай Қазақстандағы су тапшылығы 12-15 миллиард текше метрге жетуі мүмкін екендігін назарға ұсынды.

Шындығында да су – шектеулі ресурс. Біз трансшекаралық су көздеріне тәуелді елміз. Сондықтан бүгінен бастап трансшекаралық суларды үнемді және дұрыс пайдалану әрбір қазақстандықтың басты мақсатына айналуы тиіс!

 

ДОСАНОВ НУРБАЙ ЕРМАХАНҰЛЫ

ҚР Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясының Түркістан облысы бойынша филиалының аға оқытушысы, ғылым магистрі.

 

0 Пікірлерді көрсету Пікірлерді жасыру