присылайте свои новости
нам
+7 (701) 024 33 00

Екібастұз ЖЭО-да заңбұзушылықтар анықталды

03 наурыз 2023 15:31
Екібастұз ЖЭО-да заңбұзушылықтар анықталды

Екібастұз жылу электр орталығының жұмысын тексеру барысында заңбұзушылықтар анықталды, деп хабарлады СИМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің баспасөз қызметі.

Комитеттің Павлодар облысы бойынша департаменті 2023 жылғы қаңтарда Екібастұз қаласының прокуратурасымен бірлесіп, Екібастұз ЖЭО-сында тексеріс жүргізді.

Нәтижесінде тексеру мерзімі өткен өлшеу құралдарын қолдану анықталды. Мысалы: техникалық манометрлер, қысым түрлендіргіштері, вольтамперфазометр, мегаомметр. Өлшем құралдарын салыстырып тексерусіз қолдану «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» заңның 19-бабы 1-тармағын бұзу болып саналады, - деп жазылған хабарламада.

Бұл заңбұзушылық үшін Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 419-бабы 1-бөлігі 2-тармағы бойынша 1600 АЕК (5 млн 520 мың теңге) мөлшерінде әкімшілік айыппұл қарастырылған.

Екібастұз қаласы Прокуратурасының заңбұзушылықтарды жою туралы ұсынысы негізінде департамент әкімшілік құқықбұзушылық туралы толтырылды. Екібастұз ЖЭО заңбұзушылықтың болғанын мойындауына байланысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 811-бабына сәйкес 7 тәулік ішінде қысқартылған іс жүргізу тәртібімен 2 млн 760 мың теңге әкімшілік айыппұл төлейтін болды. Кәсіпорын айыппұлды толық төледі, - деп жазылған хабарламада.

0 Пікірлерді көрсету Пікірлерді жасыру