Елена Рыбакина Қазақстан командасына жолдама алып берді
Шотландияның Глазго қаласында теннистен командалық әлем чемпионаты – Билли Джин Кинг кубогының финалдық кезеңінде «С» тобында Қазақстан құрамасы Ұлыбританияның командасын ұтып, ширек финалға шықты.
Кездесудің екінші ойынында Қазақстанның бірінші, әлемнің 22-ракеткасы Елена Рыбакина мен дүниежүзілік рейтингте 98-сатыда тұрған Хэрриет Дарт кездесті.
Онда Рыбакина бірінші партияда есеп 1:1 болғанда қатарынан бес геймді ұтты. Есеп – 6:1.
Екінші сетті отандасымыз 2:0 есебімен сәтті бастағанымен, Дарт таразы басын теңестірді. Есеп 4:4 болған кезде Рыбакина мүмакіндікті жібермей, 6:4 есебімен жеңді.
Осылайша, Қазақстан құрамасы 2:0 есебімен алға шығып, ¼ финалға жолдама алды. Енді қалған жұптық бәсеке ештеңені шешпейді.
Бүгін «С» тобында Қазақстан командасы Испаниямен кездеседі. Оны жеңсе, жартылай финалға шығады.
Авторизация
Тіркеу
Әзірге ешкім пікір білдірген жоқ