Еліміз алғаш рет пара үстел теннисінен Паралимпиада жолдамасын жеңіп алды
Пара үстел теннисінен сегізінші санатта өнер көрсететін Али Мақұлбеков XVII жазғы Паралимпиадаға жолдаманы жеңіп алды.
Әли Мақұлбеков – пара үстел теннисінен халықаралық дәрежедегі спорт шебері және халықаралық жарыстардың бірнеше дүркін жеңімпазы. Оның жеңіп алған лицензиясы жарысқа өзі баратын болғандықтан жолдама болып есептеледі.
Бұл – еліміздің Паралимпиадаға алған13-лицензиясы. Бұған дейін пара пауэрлифтингтен Давид Дегтярев, пара жеңіл атлетикадан Дастан Мұқашбеков, волейболды отырып ойнаудан ұлттық құрама, пара оқ атудан Еркін Ғаббасов, пара жүзуден 3 жолдама, пара таэквондодан Нұрлан Домбаев, Кәмила Досмалова, Нышан Өмірәлі, пара каноэдан Спатай Бибарыс пен Жаныл Балтабаева жолдама жеңіп алған болатын.
XVII жазғы Паралимпиада 28 тамыз бен 8 қыркүйек аралығында Францияның астанасы – Парижде, спорттың 23 түрінен өтеді.
Лицензиялық жарыстар әлі жалғасып жатыр.
Авторизация
Тіркеу
Әзірге ешкім пікір білдірген жоқ