присылайте свои новости
нам
+7 (701) 024 33 00

Елімізде 15 мыңнан аса шетелдік еңбек етеді

26 мамыр 2023 10:54
Елімізде 15 мыңнан аса шетелдік еңбек етеді

1 мамырдағы жағдай бойынша жергілікті атқарушы органдардың рұқсатымен Қазақстан аумағында 15 129 шетел азаматы еңбек етеді.

Шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаттардың арасында мынадай санаттар бар:

басшылар мен олардың орынбасарлары үшін 583 рұқсат (бірінші санат);

құрылымдық бөлімшелердің басшылары үшін 2 993 рұқсат (екінші санат).

Тартылған ШЖК негізгі бөлігі үшінші (мамандар) және төртінші (білікті жұмысшылар) санаттарға жатады. Тиісінше олар – 7 080 және 891 адам. Сондай-ақ маусымдық жұмыстарға 1 717 адам, ал корпоративтік ауыстыру аясында 1 865 адам тартылды.

Қазір Қазақстанда ШЖК пайдаланатын 1 746 жұмыс беруші бар. Оларда 411,5 мыңнан аса Қазақстан азаматы жұмыс істейді, бұл – қызметкерлердің жалпы санының 96%-ы.

Экономикалық қызмет түрлері бойынша ең көп жұмыс істейтіндер:

құрылыс саласында – 5 317 адам (35%);

ауыл, орман және балық шаруашылығында – 1 572 адам (10%);

тау-кен өнеркәсібі және карьерлерді қазуда – 1 443 адам (10%);

кәсіби, ғылыми және техникалық қызметте – 979 адам (7% );

өңдеу өнеркәсібінде –  960 адам (7%).

Еңбек мигранттары келетін негізгі елдер:

Қытай – 3 652 адам (24%);

Өзбекстан – 1 843 адам (12%);

Үндістан – 1 741 адам (12%);

Түркия – 1 534 адам (10%).

Ішкі еңбек нарығын қорғау мақсатында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жыл сайын республикаға шетел мамандарын тартуға квота белгілейді және бөледі. 2023 жылы жалпы квота республикадағы жұмыс күшінің санына қатысты 0,24% немесе 22 260 мөлшерінде белгіленді.

0 Пікірлерді көрсету Пікірлерді жасыру