Елімізде 18 тасжол учаскесі жабылды
Қазақстандағы 18 учаскеде көлік қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлады «ҚазАвтоЖол».
15 ақпанда сағат 15:00-дегі ахуалға сәйкес, ауа райының қолайсыздығына байланысты 11 облыста республикалық маңызы бар автожолдардың 18 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді, - делінген хабарламада.
- Абай облысында – 2 учаске (177 шақырым)
- Ақтөбе облысында – 2 учаске (467 шақырым)
- Алматы облысында – 1 учаске (84 шақырым)
- Шығыс Қазақстан облысында – 4 учаске (298 шақырым)
- Жамбыл облысында – 1 учаске (450 шақырым)
- Жетісу облысында – 1 учаске (100 шақырым)
- Қостанай облысында – 1 учаске (83 шақырым)
- Қызылорда облысында – 1 учаске (815 шақырым)
- Солтүстік Қазақстан облысында – 2 учаске (249 шақырым)
- Түркістан облысында – 2 учаске (283 шақырым)
- Ұлытау облысында – 1 учаске (115 шақырым) жабық.
«Қазіргі сәтте республикалық маңызы бар автожолды қысқы күтіп-ұстауға 666 техника және 1 475 жолшы жұмылдырылып отыр», - делінген хабарламада.
Поделиться новостью
Другие новости раздела
Авторизация
Тіркеу
Әзірге ешкім пікір білдірген жоқ