Елімізде қылмысты көбіне оқымағандар мен жұмыссыздар жасайды - ІІМ
Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Ренат Зұлқайыров елімізде қылмыстарды көбіне қандай санаттағы азаматтардың жасайтынын айтты.
«Қылмыс деңгейіне 250-ден аса фактор әсер ететіні ғылыми дәлелденген. Олардың қатарында әлеуметтік, экономикалық, географиялық, көші-қон, табиғи, демографиялық және басқа да жағдайлар бар», - деді Ренат Зұлқайыров.
Оның айтуынша, қылмыскерлер төмендегі санаттарды қамтиды:
- 80%-ы – жұмыссыздар;
- жасөспірімдер арасындағы қылмыстардың 47%-ын еш жерде жұмыс істемеген немесе оқымағандар;
- адамның жеке басына қатысты қылмыстардың 50%-ын мастар;
- елордада қылмыстың тең жартысын өзге аймақтардан келгендер жасайды.
Әкімшілік полиция комитетінің мәліметінше, бұл мәселелерді тек күш қолдану шараларымен шешу мүмкін емес. Сондықтан қазір «Қоғаммен бірге қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің 2024-2028 жылдарға арналған тұжырымдамасы» әзірленіп жатыр.
Поделиться новостью
Другие новости раздела
Авторизация
Тіркеу
Әзірге ешкім пікір білдірген жоқ