присылайте свои новости
нам
+7 (701) 024 33 00

Елімізде шомылу маусымы басталғалы бері 64 адам суға батып кетті

11 шілде 2024 14:25
Елімізде шомылу маусымы басталғалы бері 64 адам суға батып кетті

Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ТЖМ Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитеті төрағасының орынбасары Ақылбек Ахметжанов шомылу маусымы жайлы айтып берді.

Спикердің мәліметінше, шомылу маусымының басталуымен суға батып қаза болғандардың 15 пайызы немесе 10 жағдай рұқсат етілген Алматы, Манғыстау, Абай, Ақтөбе және Павлодар облыстарында тіркелген. Ал 85 пайызы немесе 54 жағдай рұқсат берілмеген, қауіпсіздік қамтамасыз етілмеген су көздерінде орын алып отыр.

Бүгінгі таңда елімізде 85 мыңнан астам өзен мен 48 мың көл бар. Оларды азаматтар шомылу, демалу және балық аулау үшін пайдаланады. Онда әкімдердің шешімдерімен бекітілген 708 рұқсат етілген жаппай демалыс, туризм және спорт орындары жабдықталған, оның ішінде 167-і коммуналдық және 425-сі жеке жағажайлар, қалған 116-сы спорт және туристік мақсаттарға арналған, – деді маман.

Оның айтуынша, жыл басынан бастап патрульдеу барысында 131 адам құтқарылды, олардың ішінде 35 бала бар.

«Атқарылған кешенді жұмыстардың арқасында жыл сайын суға батып мерт болғандар саны азайып келеді. Дей тұрғанмен, әрбір құрғақ статистиканың артында адам өмірі мен жақындарының қайғысы тұрғанын ұмытпауымыз керек. Соңғы 10 жылда екі мыңнан астам адамның өмірі судан қиылып отыр», – деді ол.

Ахметжановтың дерегінше, биылғы шомылу маусымы басталғаннан бері, яғни 1 маусым мен 9 шілде аралығында 64 адам суға батып кетті, оның ішінде 28 бала бар. 2023 жылы осыған ұқсас кезеңде 76 адам суға батып кетті, оның ішінде 21 бала болды. Осылайша, адам өлімі 16%-ға, балалар өлімі 33%-ға өскен.

Адамдардың суда көз жұму жағдайлары негізінен балаларды қараусыз қалдыру, балық аулау, мас күйінде жүзу және жүзе алмау салдарынан болады.

 

0 Пікірлерді көрсету Пікірлерді жасыру