Еліміздегі 8 облыста жолдар жабылды
Бүгін сағат 09:00-дегі жағдай бойынша ауа райының қолайсыздығына байланысты 8 облыста республикалық маңызы бар 20 автожолда көлік қозғалысына шектеу енгізілді.
Абай облысында барлық бағыттар бойынша жалпы ұзындығы 2 мың 174 шақырым болатын 7 автожол жабылды. Сондай-ақ «Омбы-Майқапшағай» бағытының 915-1002-шақырымы:
- Қалбатау ауылы-Көкпекті ауылы учаскесінде жолдар жабық.
Шығыс Қазақстан облысында барлық бағыттар бойынша жалпы ұзындығы 1 мың 268 шақырым болатын 7 автожол жабылды.
Жамбыл облысында жалпы ұзындығы 79 шақырым болатын 1 автожол:
- «Алматы-Ташкент-Термез» бағыты, Кенен ауылы-Қайнар ауылы (қозғалыс ескі Қордай асуы арқылы іске асырылады).
Жетісу облысында жалпы ұзындығы 58 шақырым болатын 1 автожол:
- «Алматы-Өскемен» бағытында 557-615-шақырым, Үшарал қаласы-Абай облысының шекарасы.
Қарағанды облысында жалпы ұзындығы 103 шақырым болатын 2 автожол:
- «Қарағанды-Аягөз-Бұғаз» бағытында, Қарқаралы қаласы-Абай облысының шекарасы:
- «Екатеринбург-Алматы» бағытында 1505-1854-шақырым, Жаңа құрылыс ауылы-Балқаш қаласы.
Қостанай облысында жалпы ұзындығы 83 шақырым болатын 1 автожол:
- «Жезқазған-Петропавл» – Ұлытау облысы-Арқалық қаласы.
Павлодар облысында жалпы ұзындығы 160 шақырым болатын 1 автожол:
- «Омск-Майқапшағай» – Кежекөл кенті-Абай облысының шекарасы.
Ұлытау облысында жалпы ұзындығы 115 шақырым болатын 1 автожол:
- «Жезқазған-Петропавл» – Қостанай облысы-Ұлытау ауылы, Жезді бекеті-Ұлытау ауылы.
Қазір республикалық маңызы бар автожолдарды қысқы күтіп-ұстауға 419 техника және 785 адам жұмылдырылды.
Авторизация
Тіркеу
Әзірге ешкім пікір білдірген жоқ