Еліміздің 7 облысында республикалық маңызы бар автожолдар жабылды
7 облыста республикалық маңызы бар автожолдардың 13 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді.
Ақмола облысында 2 учаске:
- «Екатеринбург-Алматы» – 1292-1353 шақырым, Жібек жолы ААП-Қарағанды облысының шекарасы – 61 шақырым.
- «Көкшетау-Омск» – 14-50 шақырым, Көкшетау-СҚО облысының шекарасы – 36 шақырым.
Жетісу облысында 1 учаске:
- «Үшарал-Достық» – 84-184 шақырым, Көктұма станциясы- Достық станциясы – 100 шақырым.
Қарағанды облысында 5 учаске:
- «Екатеринбург-Алматы, Солтүстік Шығыс айналма жолы» – 0-16 шақырым, Пришахтинск аауданы-Новостройка ауданы – 16 шақырым.
- «Екатеринбург-Алматы» – 1353-1426 шақырым, Ақмола облысының шекарасы-Теміртау ААП – 73 шақырым.
- «Екатеринбург-Алматы» – 1426-1446 шақырым, Теміртау ААП-Теміртау қаласы – 20 шақырым.
- «Екатеринбург-Алматы» – 1505-1854 шақырым, Новостройка ауданы-Балқаш қаласы – 349 шақырым.
- «Қызылорда-Павлодар» – 970-1135 шақырым, Қарағанды қаласы-Павлодар облысының шекарасы – 165 шақырым.
Қостанай облысында 1 учаске:
- «Жезқазған-Петропавл» – 253-335 шақырым, Ұлытау облысының шекарасы-Арқалық қаласы – 82 шақырым.
Павлодар облысында 1 учаске:
- «Қызылорда-Павлодар» – 1135-1258 шақырым, Қарағанды облысының шекарасы-Екібастұз қаласы – 123 шақырым.
Солтүстік Қазақстан облысында 2 учаске:
- «Булаево-Возвышенка-Мологвардейское-Кирово-Қиялы-Рощинское» – 65-194 шақырым, Возвышенка аауданы-Қиялы аауданы – 129 шақырым.
- «Көкшетау-Омск» – 50-280 шақырым, Ақмола облысының шекарасы-РФ шекарасы – 230 шақырым.
Ұлытау облысында 1 учаске:
- «Жезқазған-Петропавл» – 137-152 шақырым, Ұлытау ауданы-Қостанай облысының шекарасы – 15 шақырым.
Шектеу автокөліктің барлық түрлері үшін қолданылады.
Қазір республикалық маңызы бар автожолдарды күтіп-ұстауға 580 техника және 1012 жұмысшы жұмылдырылды.
Поделиться новостью
Другие новости раздела
Авторизация
Тіркеу
Әзірге ешкім пікір білдірген жоқ