Еліміздің екі әуежайында кәсіпкерлердің құқығы өрескел бұзылған
Еліміздің екі әуежайында кәсіпкерлердің құқығы өрескел бұзылған.
Шығыс Қазақстан облысының көлік прокуратурасы жүргізген талдаумен алаңдарды жалға алу-беру кезінде Өскемен қаласы әуежайы баға саясатын бұзғандығын анықтады.
«Өскемен әуежайы» АҚ бекітілген прейскурантқа қарамастан жекелеген кәсіпкерлерге жалдау ақысының құнын едәуір төмендеткен. Әуежай басшылығы коммерциялық мақсаттар үшін кәсіпкерлік субъектісіне 100 шаршы метр көлеміндегі аумақты ай сайынғы төлемге 50 мың теңге көлемінде берсе, басқа кәсіпкерге 10 шаршы метр кофе аралын орналастыруға 100 мың теңгеге берген, – делінген прокуратура хабарламасында.
Жалға беруде әртүрлі шартты қолдану осы саладағы бизнестің тиімді бәсекелестігін қалыптастыруға теріс әсер еткен. Жолаушыларға өз қызметтерін едәуір арзанырақ ұсына алатын басқа кәсіпкерлердің нарық сегментіне қол жеткізу құқығына нұқсан келтірілді.
Прокуратураның араласуынан соң, шарттар қолданыстағы заңнаманың талаптарына сәйкес келтірілді. Кінәлі лауазымды адамдар тәртіптік жауапкершілікке тартылды, ал кәсіпкерлерге жалдау төлемдерін қайта есептеу жүргізіліп жатыр.
Осындай заңдылықтың жай-күйіне талдауды Астана қаласының авиациялық көлік прокуратурасы астаналық әуежайдың қызметінде де жүргізіп жатыр. Атап айтқанда олармен жалға алушыларға «типтік шарттармен» белгіленген артық талаптар мен төлемдердің негізділігі зерделенеді.
Ведомство өкілдері жалға алуды асыра бағалау және бизнес жүргізу үшін тең емес жағдайларды жасау әуе айлағы аумағында жолаушылар мен басқа тұлғаларға көрсетілетін коммерциялық қызметтердің бағасына әсер ететінін атап өтті.
Авторизация
Тіркеу
Әзірге ешкім пікір білдірген жоқ