присылайте свои новости
нам
+7 (701) 024 33 00

Елордада 90 мопед жүргізушісі жол-көлік оқиғасына ұшыраған

25 маусым 2024 11:52
Елордада 90 мопед жүргізушісі жол-көлік оқиғасына ұшыраған

Елордада мопед жүргізушілері 90 жол-көлік оқиғасына себепкер болған.

Астанада «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында бір тәулікте жол ережесін бұзғандар үшін коммуналдық тұраққа 92 мопед қойылған. Жыл басынан бері 22 мопед жүргізушісі әртүрлі ауырлықтағы дене жарақатымен ауруханаға жеткізілген, сондай-ақ алған жарақат салдарынан 1 адам қайтыс болды.

Бұған қоса, электроскутер жүргізушілері 9 жол-көлік оқиғасына ұшырады.

Еске сала кетсек, елордада 20-30 маусым аралығында қоғамдық тәртіпті тиісті деңгейде сақтау мақсатында «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы жүргізіліп жатыр.

 
0 Пікірлерді көрсету Пікірлерді жасыру