Енді Қазақстанға келген туристер такси бағасын бірден біле алады
Қазақстанға келген шетелдік туристер үшін QR-кодтар орнатылады. Бұл туралы Туризм және спорт министрі Ермек Маржықбаев айтты.
Қытаймен визасыз режим енгізілгені белгілі. Осыған байланысты ҚХР-мен арадағы шекаралық өткелдерде туристік топтар үшін «жасыл дәліз» құру маңызды саналады. Шетелдік туристерге ыңғайлы болу үшін шекарада QR-кодтар орнатылады. Осылайша, олар гид, такси бағасы туралы ақпаратты біле алады, - деді Ермек Маржықбаев министрліктің алқа мәжілісінде.
Сондай-ақ министр гидтердің қызметін цифрландыру бойынша жұмыс жалғасатынын атап өтті.
Нәтижесінде білікті гидтер мен экскурсоводтардың бірыңғай ақпараттық базасы құрылып, оларға бейдж беріледі. Бейдж ұлтық парктердегі музейге тегін кіруге, туристік топтармен басқа да жерлерге баруға мүмкіндік береді, - деді ведомство басшысы.
Авторизация
Тіркеу
Әзірге ешкім пікір білдірген жоқ