Енді судьяларға қысым жасалмайды
Қазақстанда құқық қорғау органдары судьяларға қысым көрсете алмайды.
Сенаттың жалпы отырысында «Қазақстаның сот жүйесі және судьяларының мәртебесі туралы» Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Конституциялық заңы және «Қазақстанның кейбір заңнамалық актілеріне процестік заңнаманы жетілдіру және сот жүйесін реформалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы қаралды.
Құжат судьяларға қатысты арнайы жедел-іздестіру шараларын тек бас прокурордың санкциясымен жүргізуді көздейді.
Бүгінде құқық қорғау органдарының судьяларға ықпал ете алатын тетіктері бар. Олар қылмыстық іссіз кез келген судьяға қарсы жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізуге құқылы. Тек облыс прокурорының санкциясын алса жеткілікті. Осы сәттен бастап күштік орган судьяны тыңдап, ол жайлы және жеке өмірі жайлы мәлімет жинай алады. Сол себепті, судьялардың олардан қорқуына негіз бар.
Сенат заң жобасын талқылай келе судьяларға қатысты арнайы жедел-іздестіру шараларын тек бас прокурордың санкция беруімен ғана жүргізуге болатынын анықтады. Сондықтан бұл кепілді Конституциялық заң деңгейінде бекіту ұсынылып отыр», - деді сенатор Андрей Лукин.
Оның пікірінше, бұл норма судьялардың тәуелсіздігін нығайтады. Сенат депутаттары заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.
Авторизация
Тіркеу
Әзірге ешкім пікір білдірген жоқ