присылайте свои новости
нам
+7 (701) 024 33 00

Енді тұрғын үйді сату-сатып алу үшін нотариус пен ХҚКО-ға жүгірудің қажеті жоқ

21 қараша 2023 15:52
Енді тұрғын үйді сату-сатып алу үшін нотариус пен ХҚКО-ға жүгірудің қажеті жоқ

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин үкімет отырысында жылжымайтын мүлік бойынша онлайн мәмілелер платформасын таныстырды.

Енді жылжымайтын мүлікті, мысалы, үйді, пәтерді немесе кеңсені сатып алу немесе сату кезінде бұрынғыдай нотариусқа немесе ХҚКО-ға барудың қажеті болмайды.

Мұндай онлайн сервиске Blockchain технологиялары және биометриялық сәйкестендіру пайдаланылады.

Әр объект бойынша жасалатын барлық іс-әрекет пен бейнематериалдар «электронды үкіметте» сақталады. Осылайша, бірнеше күнге созылатын процесс 1 сағатқа дейін қысқарады, - деп атап өтті Мусин.

Сонымен қатар тағы бір жоба – I-Qala таныстырылды. Бүгінде жаңадан пәтер алған азамат су, жылуды және т.б. қосуға келісімшарт жасау үшін коммуналдық қызметтерге баруға мәжбүр. Мұндай ауыртпалыққа жыл сайын 700 мыңнан астам адам тап болады, оны шешуге азаматтар 30 күнге дейін уақыт жұмсаған. Қазір Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі жеңілдетілген формат енгізіп жатыр.

Осылайша, пәтер иесіне тиісті SMS жіберіліп, барлық коммуналдық шарт онлайн режимде жасалады. Осының арқасында оператор компанияларға бару қажеттілігі жойылды.

Елордада осылайша 80 мыңнан астам шарт жасалды. Қазір бұл сервис Алматыда іске қосылып жатыр. Енді осындай жұмыс басқа өңірлерде де жүргізілмек.

0 Пікірлерді көрсету Пікірлерді жасыру