Ердоған маңызды мәлімдеме жасады
Түркияның оңтүстік-шығысында болған зілзаладан қаза тапқандар саны 46 104 адамға жетті. Бұл туралы аталған ел президенті Режеп Тайип Ердоған Министрлер кабинетінің отырысынан кейін жолдаған телеүндеуінде айтты.
«Жер сілкінісінен кейінгі төр аптадан соң бастан өткерген алапаттың ауқымын анағұрлым нақты көріп отырмыз және қайғымызды анағұрлым терең сезінудеміз», - деді Түркия президенті. Оның атап өтуінше, ел билігі табиғи апат салдарынан қираған аудандарды қысқа уақытта қалпына келтіруге бекініп отыр.
«Біздің мақсат – алдағы екі айда 244 ғимарттың және ауылдық үлгідегі 75 мың үйдің құрылысын бастау», - деді Ердоған.
Оның сөзінше, 22 мың үйдің құрылысы басталып кетті. Зілзаладан зардап шеккен аудандарда 488 мың жаңа үй салу жоспарлануда. Сондай-ақ аталған аудандарда контейнерлік үлгідегі 100 мың үй орнатылатын болады.
Еске салайық, 6 ақпан күні Түркияда қуаты 7 балдан асатын жойқын жер сілкінісі болды. Соңы мыңдаған афтершокқа ұласқан жерасты дүмпулері түрік елінің 10 провинциясында, сондай-ақ көрші мемлекеттерде, соның ішінде Сирияда сезілді.
Авторизация
Тіркеу
Әзірге ешкім пікір білдірген жоқ