Ертең кешке дейін телеарналар мен радиолар хабар таратпайды
Елімізде жоспарлы профилактикалық жұмыстардың жүргізілуіне байланысты, телеарналар мен радиолар 19 шілдеде сағат 17:00-ге дейін уақытша жұмыс істемейді. Бұл туралы «Қазтелерадио» АҚ хабарлады.
«Қазтелерадио» АҚ үздіксіз және сапалы телерадио хабарларын таратуды қамтамасыз ету мақсатында тоқсан сайын жерсеріктік, цифрлық және аналогты эфирлік желілердің техникалық құралдарында сервистерді жаба отырып, жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізетінін мәлімдеді.
Осыған байланысты, 2023 жылғы 19 шілдеде сағат 03:00 мен 17:00 аралығында жерсеріктік, цифрлық және аналогты эфирлік желілердің телерадио хабарларын таратуын өшіре отырып, жоспарлы профилактикалық жұмыстар жүргізілетіні туралы хабарлаймыз, - деді компания өкілдері.
Сондай-ақ «Қазтелерадио» АҚ уақытша қолайсыздықтар үшін көрермен мен тыңдарманнан кешірім сұрады.
Авторизация
Тіркеу
Әзірге ешкім пікір білдірген жоқ