Ыстанбұл шіркеуіндегі қарулы шабуылдан кейін 47 адам ұсталды
Түркияның Ыстанбұл қаласында шіркеуде жасалған шабуылдан кейін 47 адам ұсталды.
28 қаңтарда Сарыер ауданында бетперде кигендер бір адамға қарулы шабуыл жасаған. Салдарынан 52 жастағы ер адам қаза тапты.
Ресми ақпарат бойынша, шабуылдан кейін күдіктілерді ұстау үшін 30 жерде іздеу жұмыстары жүргізіліп, 47 адам ұсталды.
Түркияның ішкі істер министрі Әли Ерликая кісі өліміне күдіктінің ұсталғанын хабарлады. Олардың шетел азаматы екені айтылды.
Поделиться новостью
Другие новости раздела
Авторизация
Тіркеу
Әзірге ешкім пікір білдірген жоқ