Заңсыз сыйақы алған адам сотталуы мүмкін – Антикор
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қылмыстық кодекске заңсыз сыйақы алған адамды үш жылға соттауды ұсынып отыр.
Енді ірі көлемде сыйақы алған адамның мүлкі тәркіленіп, 3 жылға дейінгі бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Одан бөлек сотталған адамға 3 000 АЕК-ке (10 350 000 теңгеге) дейiн айыппұл салынып, түзеу жұмыстарына не 800 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартылад, – делінген Ашық НҚА порталында жарияланған Қылмыстық кодекстің жаңа редакциясында.
Қазір заң бойынша мұндай әрекет жасағандарға ең қатал жаза ретінде екі жылға соттау, осы мерзімге бас бостандығын шектеу немесе 6 млн 900 мың теңге айыппұл салу шаралары қолданылады.
Сондай-ақ кінәлі деп танылған адам сот шешімімен 600 сағатқа қоғамдық жұмыстарға тартылады. Енді жоғарыда атап өткеніміздей, заңсыз сыйақы алғандарға 3 жылға бас бостандығынан айыру, 10 млн теңгеден аса айыппұл салу және 3 жылға жылға бостандығын шектеу жазасы қолданылуы мүмкін.
Құжат 17 шілдеге дейін көпшілік талқылауда болады.
Авторизация
Тіркеу
Әзірге ешкім пікір білдірген жоқ