присылайте свои новости
нам
+7 (701) 024 33 00

Зейнеткерлерге жыл басынан бері 306 млрд-тан астам теңге төленді

26 ақпан 2024 10:50
Зейнеткерлерге жыл басынан бері 306 млрд-тан астам теңге төленді

Жыл басынан бері республикалық бюджеттен 306,8 млрд теңге зейнетақы төленді. Оның ішінде базалық зейнетақы төлеуге 96,4 млрд теңге, ынтымақты зейнетақы төлеуге 210,4 млрд теңге жұмсалды.

2024 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша, елімізде 2 млн 343 зейнеткер бар. Ал 1 ақпандағы жағдай бойынша жиынтық зейнетақының орташа мөлшері 132 346 теңге болды. Оның ішінде ынтымақты зейнетақы мөлшері – 89 810 теңге, базалық зейнетақы – 42 536 теңге.

2018 жылғы 1 шілдеден бастап мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі зейнетақы жүйесіндегі өтілін ескере отырып, әр алушыға жеке тағайындалатынын еске саламыз. Бұл ретте 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша ынтымақты жүйеде жұмыс істеген уақыты, сондай-ақ міндетті зейнетақы жарналары төленген кезеңдер зейнетақы жүйесіндегі еңбек өтіліне қосылады, – делінген хабарламада.

Министрліктің хабарлауынша, егер азаматтың зейнетақы жүйесіндегі өтілі 10 жыл немесе одан аз, тіпті мүлде жоқ болып, базалық зейнетақы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 65%-на тең болса, содан кейін 10 жылдан асқан әр жыл үшін оның мөлшері 2% артады. Ал егер сіздің өтіліңіз 20 жыл болса, базалық зейнетақы төменгі күнкөріс деңгейінің 85%-ы болады. Еңбек өтілі 30 жыл немесе одан көп болса, күнкөріс деңгейінің ең жоғарғы мөлшерінде, яғни 105% белгіленеді.

Егер бір ай ішінде міндетті зейнетақы жарналары Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына бірнеше рет аударылса, жинақтаушы жүйеге қатысу мерзімі 1 ай болады.

Осылайша, міндетті зейнетақы жарналары неғұрлым тұрақты және толық көлемде аударылатын болса, зейнет жасына жеткенде базалық зейнетақы төлемдерінің мөлшері соғұрлым көп болады делініп отыр.

Өз кезегінде азаматтың жасына байланысты зейнетақы төлемдерінің мөлшері 1998 жылғы 1 қаңтардағы жұмыс өтіліне (кем дегенде 6 ай қажет) және зейнетке дейінгі кезеңдегі орташа айлық табысына байланысты болады.

0 Пікірлерді көрсету Пікірлерді жасыру