присылайте свои новости
нам
+7 (701) 024 33 00

Жас ғалым жасанды интеллект көмегімен білім беру жүйесін өзгертпек

09 ақпан 2024 10:55
Жас ғалым жасанды интеллект көмегімен білім беру жүйесін өзгертпек

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті информатика кафедрасының аға оқытушысы Парасат Тазабекова білім беру жүйесін жасанды интеллект көмегімен өзгерткісі келеді. Ол үшін постдокторант студенттерге сабақ беруде тиімді 10 генеративті жүйені анықтады.

Жас ғалымның айтуынша, жасанды интеллектке негізделген генеративтік жүйелер озық технологиялармен ұштаса отырып, жаңа қолданыстар тауып жатыр. Бұл бастама білім беру жүйесінде цифрлық технологияларды оқытудың жаңа тәсілі ретінде қолданылуы мүмкін. Постдокторант өз идеясын оқу процесіне енгізуге белсене кіріскен және қазірдің өзінде әріптестерімен бөлісіп жатыр.

Атап айтқанда, жас ғалым академиялық бағдарламаларды әзірлеушілермен бірлесе отырып, өзге ұстаздарға практикалық семинар өткізді. Онда жасанды сананың мүмкіндіктері мен оны білім беру жүйесін өзгерту үшін қалай пайдалануға болатыны туралы егжей-тегжейлі айтып берді. Сондай-ақ оқыту процесін барынша ыңғайлы, күрделі ұғымдарды студенттерге түсінікті ететін жасанды сананың тәсілдерін ұсынды.

Парасат Тазабекова оқытушыларға генеративті жүйенің теориясын таныстырып, жаңа құралдарды тәжірибеден өткізіп көрсетті. Сондай-ақ семинарға қатысушылар GhatGPT, Bard, Notion AI және оқыту процесін жақсарту үшін пайдаланылуы мүмкін басқа да бірқатар цифрлық қызметпен танысты.

Осылайша, жас ғалым жасанды интеллектті білім беру жүйесіне енгізуге өз үлесін қосып жатыр.

0 Пікірлерді көрсету Пікірлерді жасыру