присылайте свои новости
нам
+7 (701) 024 33 00

Жыл басынан бері көпбалалы отбасылар 101,1 млрд теңге жәрдемақы алды

25 сәуір 2023 10:56
Жыл басынан бері көпбалалы отбасылар 101,1 млрд теңге жәрдемақы алды

Жыл басынан бері көпбалалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақымен орта есеппен 538,3 мың отбасы жалпы сомасы 101,1 млрд теңге мөлшерінде қамтылды.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, наурыз айында 544,3 мың отбасына 34,3 млрд теңге мөлшерінде жәрдемақы төленген.

Бұл мемлекеттік жәрдемақыға 4 және одан да көп бірге тұратын кәмелетке толмаған немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі бөлімде оқитын студент балалары бар отбасылар табысына қарамастан үміткер бола алады. Төлем мөлшері бала санына қарай есептеліп төленеді.

Көпбалалы отбасындағы

- 4 баласы бар отбасыларға – 16,03 АЕК немесе 55 304 теңге;

- 5 балаға – 20,04 АЕК немесе 69 138 теңге;

- 6 балаға – 24,05 АЕК немесе 82 973 теңге;

- 7 балаға – 28,06 АЕК немесе 96 807 теңге;

- 8 және одан да көп баласы бар отбасыларға – әр балаға 4 АЕК немесе 13 800 теңге мөлшерінде.

Айта кетсек, биыл 1 қаңтардан бастап балалы отбасыларға тағайындалатын мемлекеттік жәрдемақылардың мөлшері 8,5% артты.

0 Пікірлерді көрсету Пікірлерді жасыру