Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,6 трлн теңге зейнетақы төленді
Жыл басынан бері республикалық бюджеттен 1 трлн 649 млрд теңге зейнетақы төленді.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, оның ішінде базалық зейнетақы – 506,3 млрд теңге, ынтымақты зейнетақы – 1 трлн 142,7 млрд теңге.
Биыл 1 шілдедегі жағдай бойынша зейнеткерлер саны – 2 млн 300 мың адам.
Жиынтық зейнетақының орташа мөлшері 120 мың 641 теңге болды, оның ішінде ынтымақты зейнетақы мөлшері – 82 805 теңге, базалық зейнетақы – 37 мың 836 теңге.
Поделиться новостью
Другие новости раздела
Авторизация
Тіркеу
Әзірге ешкім пікір білдірген жоқ