Зілзала аумағында болған тағы бір қазақстандық табылмай жатыр – СІМ
Түркиядағы зілзаладан кейін тағы бір Қазақстан азаматы хабар-ошарсыз кетті. Қазір қызды іздеу жұмыстары жүріп жатыр. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлімдеді.
«Қазақстанның тағы бір азаматы әлі күнге дейін хабар-ошарсыз кетті деп есептеледі. Ол 6 ақпаннан бері байланысқа шықпады. Тұратын жері – Кахраманмараш қаласы. Әпкесі министрліктің жедел желісіне хабарласқаннан кейін оны іздестіру жұмыстарын бастадық. Қазір Қазақстанның Түркиядағы елшілігінің қызметкері осы қалаға барып, түрік құтқарушыларымен бірлесіп, іздестіруде. Көршілерінің айтуынша, үй қираған уақытта қазақстандық әйел онда болған», - деді ресми өкіл.
СІМ ресми өкілінің айтуынша, Түркиядағы көптеген қазақстандық тұрғын үйлердің қирауына байланысты құжаттарын жоғалтқан. Консулдар оларға қажет құжаттарды сол жерде рәсімдеп берген.
Соңғы төрт күнде Газиентеп, Мерсин, Кахраманмараш, Диарбакир, Шанлыурфа, Адана, Кония, Елазык провинцияларынан 124 Қазақстан азаматы шығарылды. Оның ішінде 58 қазақстандық Астанаға репартициялық рейстермен жеткізілді», - деді Айбек Смадияров.
Авторизация
Тіркеу
Әзірге ешкім пікір білдірген жоқ