Әйелін бірнеше рет ұрып-соққан Рахат Тұрлыханов 10 күнге қамалды
Мәжіліс депутаты Дәулет Тұрлыхановтың інісі Рахат Тұрлыханов 10 күнге қамалды.
Алматы қалалық соты Рахат Тұрлыхановқа қатысты ұрып-соғу дерегі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық бойынша істі қарады.
Бұған дейін бірінші сатыдағы сот Рахат Тұрлыхановқа қатысты әкімшілік ескерту түрінде қаулы шығарған.
Аталған материалды қарау барысында сот алқасы оның бұрын әйелін бірнеше рет ұрып-соққанын ескеріп, бірінші сатыдағы соттың тағайындаған жазасымен келіспеді. Осылайша қаулы өзгеріп, әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 73-2-бабының 1-1-бөлігіне сәйкес, Тұрлыхановқа қатысты жаза ескертуден 10 тәулікке қамауға өзгерді.
Қаулы заңды күшіне енді.
Поделиться новостью
Другие новости раздела
Авторизация
Тіркеу
Әзірге ешкім пікір білдірген жоқ