присылайте свои новости
нам
+7 (701) 024 33 00

Ұлттық банк өкілі азық-түлік бағасының қымбаттауы баяулағанын айтты

15 қараша 2023 10:45
Ұлттық банк өкілі азық-түлік бағасының қымбаттауы баяулағанын айтты

2023 жылдың 10 айында елімізде азық-түлік бағасының өсуі баяулады. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасының орынбасары Данияр Вагапов айтты.

Ұлттық банк төрағасының орынбасары биыл қаңтар – қазан айларындағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы туралы баяндады.

Жылдық инфляция 10,8%-ға дейін баяулады. Дегенмен бағаның өсуі екі таңбалы мәнде қалып отыр. Айлық инфляция өткен айдың деңгейінен және таргеттен жоғары қалыптасып, 0,7% болды. Бұл инфляцияға қарсы саясатты одан әрі жалғастыруды талап етеді, - деді Данияр Вагапов.

Ұлттық банк өкілі 10 айда азық-түлік бағасының қымбаттауы баяулағанын атап өтті.

«Азық-түлік инфляциясы жылдық мәнде 10,4%-ға дейін баяулады. Ал оның айлық мәні өткен айдағы 0,3%-дан 0,5%-ға дейін қарқын алды. Азық-түлік тауарлары құрылымында қазанда жұмыртқа, нан, жарма, қант және тәттілер, жаңа піскен жемістер мен ет бағасы өсті. Есесіне, ірімшіктің, жаңа піскен көкөністер мен күнбағыс майының бағасы арзандады», - деді Данияр Вагапов.

Данияр Вагапов биыл қазанда азық-түлікке жатпайтын инфляция жылдық мәнде 11,1%-ға дейін баяулағанын жеткізді. Айлық мәндегі өсім – 0,8%.

Қазанда аудиовизуалды жабдықтар, отын, дәрі-дәрмек пен медициналық жабдықтар, киім-кешек пен аяқ киім бағасы өсті, ал тұрмыстық заттардың, жуу және тазалау құралдарының бағасы түсті, - деді ол.

Сондай-ақ Ұлттық банк төрағасының орынбасары ақылы қызметтер инфляциясына тоқталды.

«Қазанда ақылы қызметтер инфляциясы жылдық мәнде 11,0% болды. Ақылы қызметтердің айлық инфляциясы 0,8% болды. Ақылы қызметтер арасында тұрғын үйді жалға беру қызметінің, шаштараз бен жеке қызмет көрсететін мекемелердің, қоғамдық тамақтану, тұрғын үй-коммуналдық қызметтерінің бағасы өсті», - деді Данияр Вагапов.

0 Пікірлерді көрсету Пікірлерді жасыру