Ұлытау облысында монополист қызметінде 500 млн теңгенің бұзушылықтары анықталды
Прокурорлармен табиғи монополиялар субъектілерінің реттелетін қызметтерге тарифтерді қалыптастыру мен бекіту негізділігіне талдау жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде «Жезқазған электр тарату желісі компаниясы» АҚ бекітілген тарифтік сметада көрсетілген 522 млн теңгеден астам сомаға шығындарды растай алмаған.
Аталған мақсатта электр энергиясымен жабдықтауға облыстың барлық тұрғындарынан түсетін қаражат пайдаланылады.
Прокурорлық қадағалау актісі бойынша Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Ұлытау облысы бойынша департаментімен қарашада «Жезқазған электр тарату желісі компаниясы» АҚ қызметтеріне уақытша өтемақы тарифі енгізілді.
Нәтижесінде 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап «Жезқазған электр тарату желісі компаниясы» АҚ тарифі 1 кВт/сағ үшін 0,39 теңгеге (4,46 теңге/кВтсағ-тан 4,07 теңге/кВтсағ-қа) төмендетіледі, – делінген прокуратура хабарламасында.
Авторизация
Тіркеу
Әзірге ешкім пікір білдірген жоқ