присылайте свои новости
нам
+7 (701) 024 33 00

Өрттен қаза тапқандардың отбасыларына жаңа пәтерлердің кілті тапсырылды

15 маусым 2023 16:23
Өрттен қаза тапқандардың отбасыларына жаңа пәтерлердің кілті тапсырылды

Абай облысында орман өртінің кесірінен қаза тапқан адамдардың отбасыларына жаңа пәтерлердің кілттері табыс етілді.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Абай облысында орман өртінен қаза тапқандардың отбасыларына жан-жақты қолдау көрсетіледі. Әр отбасы 7 млн теңгеден, сондай-ақ қосымша әр балаға 2 млн теңге төленеді. Көмекке асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақы, біржолғы әлеуметтік төлем, сондай-ақ жайластырылған тұрғын үй беру де кіреді. Сонымен қатар қайтыс болғандар мен олардың отбасыларының несие жүктемесіне ықтимал есептен шығару үшін талдау жасалады.

Облыс әкімдігінің мәліметінше, бүгін өрт салдарынан қаза тапқан 14 адамның отбасына, сондай-ақ тракторшы С. Н. Архиповтың отбасына Семей қаласы Қарағайлы шағын ауданындағы жаңа пәтерлердің кілті табыс етілді. Абай облысының әкімі қайтыс болған Саят Нұржігітов пен Амангелді Дүйсембаевтың отбасыларына 2 және 3 бөлмелі пәтерлердің кілтін тапсырды.

Өрттен зардап шеккендердің отбасыларын қолдау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар біздің тұрақты бақылауымызда. Бүгін біз тапсыратын жаңа пәтерлер барлық қажетті жиһаздармен және тұрмыстық техникамен толық жабдықталған. Біз қосымша көмек көрсетуді жалғастырамыз, - деді Саят Ұранхаев.

Қаза тапқандардың туыстары мемлекет тарапынан көрсетілген көмек пен қолдау үшін ризашылықтарын білдірді.

0 Пікірлерді көрсету Пікірлерді жасыру