Өз қызын зорлаған ақтаулық әскери қызметкерге химиялық кастрация жасалатын болды
1 тамызда Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери соты Ақтау гарнизонының бұрынғы әскери қызметшісіне қызын зорлағаны үшін үкім шығарды.
Соттың үкімімен бұрынғы әскери қызметші ҚР ҚК 120-бабының 4-бөлігінде («Жас баланы зорлау»), 121-бабының 4-бөлігінде («Жас балаға қатысты жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері») және 124-бабының 3-бөлігінде («Жас баланы азғындық жолға түсіру») көзделген қылмыстар жасағаны үшін кінәлі деп танылды және қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі төтенше мекемесінде ұстаумен өмір бойына бас бостандығынан айыруға сотталды, - делінген Бас әскери прокуратураның хабарламасында.
Сонымен қатар үкімде С.-ға қатысты химиялық кастрация түріндегі мәжбүрлеп емдеуді қолдану ұйғарылған.
Әскери қызмет кезінде ер адам өзінің 11 жасар қызының дәрменсіз күйін пайдаланып, бірнеше рет жыныстық зорлық-зомбылық жасаған. Сотталушының кінәсі жәбірленуші мен куәгерлердің айғақтарымен, сот сараптамаларының нәтижелерімен және қылмыстық істің басқа материалдарымен толық дәлелденген.
Сот жарыссөздерінде мемлекеттік айыптаушы сотталушының жасаған іс-әрекеттерінің ауырлығын ескере отырып, оған қатысты өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын қолдану қажет екені туралы бұлтартпас дәлелдер келтірді.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Авторизация
Тіркеу
Әзірге ешкім пікір білдірген жоқ