присылайте свои новости
нам
+7 (701) 024 33 00

Биыл 143,5 мың тұрғын үй салу жоспарланып отыр

31 тамыз 2023 12:58
Биыл 143,5 мың тұрғын үй салу жоспарланып отыр

Биыл елімізде 15,3 млн шаршы метр немесе 143,5 мың тұрғын үй салу жоспарланып отыр.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің хабарлауынша, жергілікті әкімдіктер тұрғын үйді уақытылы іске қосуды қамтамасыз ету мақсатында нақты нысандарды және оларды іске асыру мерзімдерін көрсете отырып, жол карталарын бекітті. Биылғы 7 айда 8,5 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл жоспардан 14% асып, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 11,7% өскенін көрсетеді.

Биыл жоспар бойынша 73,8 мың пәтер салынды. Бұл – былтырғы осы кезеңмен салыстырғанда 9,1% көп.

0 Пікірлерді көрсету Пікірлерді жасыру