Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасында қақтығыс болды
Қыркүйектің 14-і күні қырғыз-тәжік шекарасында тағы да жанжал шықты. Қақтығыс Баткен облысының Бұлақ-Башы ауданында болды.
Қырғызстан Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің шекара қызметінің мәліметінше, Тәжікстан әскерилері тараптардың бұрын жасалған келісімдерін бұза отырып, мемлекеттік шекараның белгіленбеген учаскесінде жауынгерлік позицияларды ұстаған.
Қырғыз тарапының аумақтан кету талабын елемеген тәжік шекарашылары оқ жаудырған. Бұған жауап ретінде Қырғызстан шекарашылары да қару қолданған.
Алдын ала мәлімет бойынша, қырғыз тарапынан құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.
24 kg мәліметі бойынша, Қырғызстан шекара қызметі мен Тәжікстан Республикасының Шекара әскерлері департаменті басшылары арасында телефон арқылы сөйлескен. Тараптар кездесуді жоспарлап отыр.
Тәжік-қырғыз шекарасындағы бүгінгі оқиғаға қатысты тәжік тарапының нұсқасы әлі белгісіз.
14 маусымда Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасында атыс болды.
Авторизация
Тіркеу
Әзірге ешкім пікір білдірген жоқ