Тоқаев елорда әуежайында Рим Папасын күтіп алды
Нұр-Сұлтан әуежайында Рим Папасы Францискті Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев күтіп алды, деп хабарлайды Ақорда сайты.
"Қарсы алу рәсімі барысында мемлекеттер басшылары бір-біріне екі елдің делегация мүшелерін таныстырды. Содан кейін Қазақстан Президенті мен Католик шіркеуінің басшысы президенттік терминалдың Каминді залында қысқаша әңгімелесті. Кездесу соңында мәртебелі қонақтың кортежі Ақордаға бағыт алды", - делінген Ақорда хабарламасында.
Поделиться новостью
Другие новости раздела
Авторизация
Тіркеу
Әзірге ешкім пікір білдірген жоқ