присылайте свои новости
нам
+7 (701) 024 33 00

Астанада Илья Ильин атындағы «ILYIN IRON CUP» турнирі бастау алды

21 желтоқсан 2022 10:21
Астанада Илья Ильин атындағы «ILYIN IRON CUP» турнирі бастау алды

Астанада ауыр атлетикадан бірнеше дүркін әлем чемпионы Ильи Ильин атындағы «ILYIN IRON CUP» турниры бастау алады

21-22 желтоқсанда Астанадағы «Qazaqstan» жеңіл атлетика спорт кешенінде (Тұран, 59) қазақстандық ауыр атлет, төрт дүркін әлем чемпионы Илья Ильин бастамасымен және ұйымдастыруымен күштік спорт түрлерінен «ILYIN IRON CUP» демонстрациялық турнирі өтеді.

«ILYIN IRON CUP» - Қазақстан мен көршілес елдердің 200-ге жуық кәсіпқой спортшысы ауыр атлетика, пауэрлифтинг, армрестлинг, кроссфит, мас-рестлинг, гір көтеру, армлифтинг, воркаут, стронгмен сынды спорт түрлері бойынша үздік атану үшін күресетін бірегей спорттық іс-шара.

Турнирдің ашылу салтанаты 21 желтоқсанда сағат 10.00-де өтеді.

Ашылу салтанатына Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев, Астана қаласы әкімінің орынбасары Ерлан Бекмурзаев, олимпиада чемпиондары - Серік Сәпиев және Ольга Рыпакова, G-PARK компаниясының бас директоры Ғабит Сатмағамбетов, және т.б. қатысады деп күтілуде.

Илья Ильин атап өткендей, турнирдің басты мақсаты – елімізде бұқаралық спортты насихаттау.

"Осындай жарыстарды кәсіпқойлар арасында ұйымдастыруды көптен армандадым, олар бір алаңда көшбасшылық үшін бірге күресетін өз саласының мықты спортшылары. Болашақта бұл турнирді еліміздің түкпір-түкпірінен, сондай-ақ көршілес елдерден көптеген спортшылар жиналып, бәсекелестік атмосферасын тағы бір сезініп, спорттың ұлылығына құрмет көрсететіндей «темір» жекпе-жек өнері бойынша «шағын олимпиада» ретінде көремін. Бұл менің спорттық мансабымды аяқтағаннан кейін жүзеге асырған алғашқы ірі жобаларымның бірі және біздің «Iron Cup» ешкімді бей-жай қалдырмай, жыл сайынғы спорт мерекесіне айналатынына сенемін", - деп бөлісті Ильин.

Айта кетейік, шара Қазақстан Республикасының дене шынықтыру мен спортты дамыту тұжырымдамасы аясында Астана қаласы әкімдігінің және Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен өткізіліп отыр.

Жарыстың бас серіктесі: "Самұрық-Қазына"ұлттық әл-ауқат қоры мен Sport Qory.

0 Пікірлерді көрсету Пікірлерді жасыру