Қазақстан қоржынына кезекті алтын жүлдені велошабандоз Алексей Луценко салды
Жазғы Азия ойындарында Қазақстан қоржынына бесінші алтын жүлде салынды.
Тасжолдағы веложарыста сынға түскен ұлттық құраманың көшбасшысы Алексей Луценко 48:05:75 уақыт көрсеткішімен мәреге бірінші болып жетті. Осылайша, ол қазір Азия ойындарының үш дүркін жеңімпазы болып отыр.
Бүгін алдымен тас жолдағы велоспорттан ел намысын қорғаған Рината Сұлтанова қола жүлдегер атанса, ағайынды Емельяновтар каноэде есуден жұптық сында күміс жүлдеге ие болды.
Сондай-ақ Мария Бровкова да ел қоржынына медаль салды. Ол 200 метр қашықтыққа каноэде есуден жекелей сында үшінші (49.368 секунд) болып, Азия ойындарының қола жүлдесін жеңіп алды.
Әйелдер арасында каноэде есуден жұптық сында Маргарита Торлопова мен Ульяна Киселева Азия ойындарының күміс жүлдесін иеленді.
Авторизация
Тіркеу
Әзірге ешкім пікір білдірген жоқ