присылайте свои новости
нам
+7 (701) 024 33 00

Кез келген қазақстандық футбол жаттықтырушысы бола алады

16 мамыр 2024 16:36
Кез келген қазақстандық футбол жаттықтырушысы бола алады

Халықаралық Supernovas жобасы Қазақстан бойынша балаларға арналған тегін футбол секцияларын ашуға өтінімдерді қабылдау басталғаны туралы хабарлайды.

Supernovas халықаралық жобасы әрбір қазақстандықты осы бастаманың бір бөлігі болуға және жеке футбол секциясын ашуға шақырады.

inDrive бастамасымен қолға алынған Supernovas коммерциялық емес футбол жобасы елдегі бұқаралық балалар спортын дамытуға бағытталған. 2022 жылдан бері жобада 9 футбол секциясы ашылды және онда 600-ден астам бала қатысты.

Балалар футболының жаттықтырушысы болғысы келетін және балаларға арналған тегін үйірме ашқысы келетін кез келген адам өтініш бере алады. Өтініш беру үшін кәсіби жаттықтырушы тәжірибесі талап етілмейтінін ескеру маңызды. Бұқаралық спортты дамытуға үлес қосып, шалғай елді мекендердегі балаларға көмектескісі келетін кез келген адам жобаның сайтында өтінім бере алады. Өтініштер 2024 жылдың 19 мамырына дейін қабылданады.

Үміткерлерді соңғы іріктеу жобаның серіктесі – көптеген жылдар бойы бүкіл әлем бойынша балалар жаттықтырушыларын дайындап келе жатқан iCoachKids жаһандық компаниясымен бірге өтеді. Іріктеу аяқталғаннан кейін inDrive жаттықтырушылар мен балаларға қолдау көрсетеді, атап айтқанда, психологиялық және әдістемелік көмек ұйымдастырады, футбол формасы мен қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етеді.

Аталған жоба шалғай елді мекендердегі балалардың мектептен тыс уақытта дамуына көмек көрсетуге бағытталған. Жобаның мақсаты – балалардан кәсіби футболшыларды тәрбиелеу емес, олардың бойына салауатты өмір салтын сіңіру, ойыннан ләззат алуға үйрету, қауіпсіз, қолдау көрсететін және жайлы ортада құрдастарымен кездесуге және қарым-қатынас жасауға мүмкіндік беру.

Жоба Қазақстанның тоғыз қаласында балаларға арналған футбол секцияларын ашты. Қазіргі таңда жоба аясында ашылған секциялар Жәнібек (БҚО), Зеренді (Ақмола облысы), Ұлытау (Ұлытау облысы) және Алтай (ШҚО), Благовещенка (СҚО), Талғар (Алматы облысы), Шалқар (ШҚО) Ақтөбе облысы) , Ынтымақ (Түркістан облысы) және Форт-Шевченко (Маңғыстау облысы) қалаларында жұмыс істейді.

 

0 Пікірлерді көрсету Пікірлерді жасыру