Месси Түркия мен Сирияға қомақты қаражат жіберді
Футболдан әлем чемпионы, Олимпиада және Оңтүстік Американың чемпионы, «Алтын доп» сыйлығының 7 дүркін иегері, «Алтын бутсы» наградасын 6 рет алған Аргентинаның ұлттық құрама командасы мен «Пари Сен-Жермен» клубының шабуылшысы Лионель Месси Түркия мен Сириядағы жір сілкінісінен зардап шеккен адамдарға 3,5 млн еуро көлемінде көмек жібергенін айтты.
Tiranapost басылымының хабарлауынша, аргентиналық футболшы өзінің жеке қоры арқылы Түркия мен Сирияға көмек ретінде қомақты қаражат жібергісі келетінін айтқан. Содан кейін Мессидің қоры қиын жағдайда қалып, көмекке зәру болып отырған халыққа 3,5 млн еуро жіберген.
Поделиться новостью
Другие новости раздела
Авторизация
Тіркеу
Әзірге ешкім пікір білдірген жоқ