Шахматтан әлем құрамасы Қазақстанды ұтты
Астанада шахматтан алғаш рет өткен Қазақстан әйелдер құрамасы мен әлем командасының арасындағы матч аяқталды. Бұл кездесуде әлем құрамасы командалық есеп бойынша жеңіске жетті.
Қазақстан құрамасы рапидте жақсы ойнаса да қарсыластарынан 5 ұпайға жеңіліп қалды. Есеп – 29.5-34.5. Сол сияқты, блицте де 13 ұпай айырмашылығы – 25.5:38.5 есебімен ұтылды. Қорытынды есеп 55:73 болып, әлем құрамасының пайдасына шешілді.
Қазақстан командасына әлемнің төрт дүркін чемпионы, қытайлық Хоу Ифань да қарсы ойнады. Ол Халықаралық шахмат федерациясының (FIDE) рейтингінде бірінші орында келеді. Бұл шахматшыны Бибісара Асаубаева рапидте екі рет ұтты. Одан кейін Асаубаева оны блицте де жеңді. Динара Сәдуақасова мен Жансая Әбдімәлік Қытай шахматшысымен тең түсті. Ал 17 жастағы Меруерт Камалиденова шетелдіктен рапидте жеңіліп, блицте екі рет жеңіске жетті.
Авторизация
Тіркеу
Әзірге ешкім пікір білдірген жоқ