Шавкат Рахмонов жаңа қарсылас таңдады
Аралас жекпе-жектің қазақстандық шебері Шавкат Рахмонов (17-0) Келвин Гастелум (18-8) жарақат алып қалғаннан кейін алдағы жекпе-жегіне басқа қарсылас іздеуде.
Журналист Джеймс Линчтің мәліметінше, қазақстандық файтердің менеджері қазіргі таңда лайықты қарсылас іздестіріп жатыр. Оның сөзінше, олар Камару Усман немесе Стивен Томпсонмен жекпе-жек сұрапты.
Айта кетейік, Шавкат ең беделді промоушндегі бес жекпе-жектің бесеуінде де жеңіске жетті. Ол кәсіби ММА мансабындағы 17 жеңісінің барлығын да мерзімінен бұрын аяқтады. Ал Лас-Вегаста (АҚШ) өткен UFC 285 турниріндегі соңғы жекпе-жекте қазақстандық үшінші раундта америкалық Джефф Нилді қықындыру әдісімен жеңген болатын.
Поделиться новостью
Другие новости раздела
Авторизация
Тіркеу
Әзірге ешкім пікір білдірген жоқ