Елордалық пара бишілер әлем кубогында топ жарды
Ағымдағы жылдың 10-12 қыркүйек аралығында Словакия елінің Кошице қаласында арбамен билеу ден Әлем Кубогы өтті.
Аталмыш сайысқа әлемнің 15 елінен келген 100-ге жуық параспортшы бақ сынасты.
"Барлығы жоғары деңгейде өтті. Ұйымдастыру жағы керемет болды. Өткен жері де әдемі. Ол жерде біз барған кезде барлық жағдайды жасады. Басқа елге деген құрмет қошеметтері ерекше назарда болды",- дейді жеңімпаздардың бірі Севда Алиева.
Әлемдік сахына төріне үздік спортшылармен шыққан жерлестеріміз рекордтық жүлделер мен әлем кубогын жеңіп алды. Олар жарыс барысында классикалық, еуропалық және латынамерикалық би түрлерінен, сондай-ақ, «фристайл» мен «single» дисциплинасында жарысқа түсті.
ҚР қазіргі заманғы және спорттық би федерациясының президенті, ҚР жұп би федерациясының бас жаттықтырушысы Әлия Түсіпбекова жарыс кезінде орын алған қызықты оқиғаларымен ой бөлісті.
"Халықаралық паралимпиада комитетінің ұйымдастыруымен өткен сайыста еліміздің үздік бишілері ел намысын жоғары деңгейде қорғады. Жыл сайын арбамен билеу өнері кеңінен тарап келеді. Мұндай іс-шаралар қатысушылардың еңбегін тамашалауға және оны бағалауға мүмкіндік береді. Бишілер жарысқа жауапкершілікпен қарап, жаңа биіктерден көрінуге ұмтылады. Осы жарыс барысында бізде бір қызық оқиға орын алды. Жарыс болатын жерге жеткен кезде, сол Кошице қаласының әуежайында біздің киімдеріміз бен жүгіміз жоғалды. Алайда, орын алған жағдайлар жақсы нәтиже көрсетуге кедергі болған жоқ. Тіпті, біздің бишілер өз арбасымен емес, өзге арбамен өнер көрсетуі-жеңіске деген жігерліктің арқасында топ жарып шықтық. Айтарым биікке шығуға ұмытылуға еш кедергі жоқ екенін. Бәрі өз қолында",- деп бас жаттықтырушы өз ойымен бөлісті.
Осылайша, әлемдік жарыста өз өнерлерін көрсеткен Қазақстан құрамасының жеңіс қоржыны екі алтынмен, сегіз күміспен және бес қоламен толықты.
Авторизация
Тіркеу
Әзірге ешкім пікір білдірген жоқ