15 жылдан бері іздеуде жүрген қылмыскер ұсталды
15 жылдан бері іздеуде жүрген қылмыскер ұсталды.
2009 жылы Павлодар полициясына ер адам өзінің зайыбының жоғалып кеткенін айтып хабарласқан. Айтуынша, әйел досына кетіп, қайтып оралмаған. Полицейлер іздестіру барысында Қазақстан мен көрші мемлекеттің өңірлерін бағдарлап, ол жақта жоғалған адам туралы хабар таратқан. Бір жылдан кейін көлден әйелдің мәйіті табылды.
Геномдық сараптама жоғалған павлодарлықтың жеке басын растап, тергеу барысында кісі өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Осы жылдар ішінде іс бойынша түрлі іс-шаралар өткізілді. Тергеу басшылықтың ерекше бақылауында болды.
Осы жылы жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Павлодар облысының полициясы күдіктінің ізіне түсті. Ер адам жанжалдасқанда әйелді тұншықтырып өлтіріп, содан кейін оның денесін суға тастаған.
Оның ұзақ уақыт бойы аса ауыр қылмыс жасағаны үшін бас бостандығынан айыру орындарында болғаны анықталды. Ал 2022 жылы шартты түрде мерзімінен бұрын босатылды. Оны Астанада ұстады. Қазір қылмыстық іс қайта жанданды. Тергеу жалғасып жатыр, – деді Павлодар облысы ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы Балғабай Қапаров.
Авторизация
Тіркеу
Әзірге ешкім пікір білдірген жоқ