присылайте свои новости
нам
+7 (701) 024 33 00

Алматыда Qnet қаржы пирамидасын басқарған тағы бір күдікті ұсталды

28 наурыз 2023 09:57
Алматыда Qnet қаржы пирамидасын басқарған тағы бір күдікті ұсталды

Алматыда Qnet қаржы пирамидасын басқарған тағы бір күдікті анықталды, деп хабарлады Қаржылық мониторинг агенттігі.

ҚМА Алматы қаласы бойынша департаменті қалалық прокуратурамен бірлесіп, қалада Qnet қаржы пирамидасын басқарған күдіктіні ұстады. Ол азаматтардан ақша жинап, біреуінің жарнасын басқа қатысушыларға беріп отырған. Алматы қаласының мамандандырылған тергеу соты күдіктіні 2 айға қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берді.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабында көрсетілген тергеу мүддесіне сәйкес, басқа ақпарат жарияланбайды.

Айта кетейік, бұған дейін Астанада аталған қаржы пирамидасын құрған және басқарған күдікті ұсталған еді.

Егер сіз және жақындарыңыз Qnet қаржы пирамидасының қызметінен зардап шексеңіздер, агенттіктің 1424 call-орталығына хабарласа аласыз.

0 Пікірлерді көрсету Пікірлерді жасыру